Пекин неліктен Қазақстанның энергетика саласында ғана емес, экономиканың алуан секторында белсендігін арттырды? Қазақстанның Қытайға қарызы өсті ме? Азаттық Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінің докторанты, Орталық Азияны зерттеуші Франк Мараккионемен сөйлесті.
Өзбекстан билігі алкоголь сатпайтын, өзін "халал" деп жарнамалайтын кемі 10 дәмхананы жауып тастады. Дәмхана иелерінің айтуынша, күш құрылымдары "ішімдік сатуға келіссеңдер, бизнестеріңді қайта ашамыз" деген.
Оппозиция белсендісі Лев Скорякин Ресей президенті Владимир Путиннің Бішкекке сапарынан кейін бірнеше күннен соң жоғалып кетті. Мәскеу 2021 жылы Федералдық қауіпсіздік қызметі алдында өткен наразылық акциясына қатысқаны үшін оған іздеу жариялаған.
Қырғызстанда жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі еді. Бірақ рубльдің сомға шаққанда әлсіреуі Ресейден түсетін тапсырыстардың азаюына әкеліп, экономикаға соққы болды.
Кейінгі кезде Түркия шетелдік жұмысшыларды қудалай бастады. Мыңдаған түркімен мигрант елден кетті, кейбірі депортацияланды. Олар енді азаматтардың құқықтары, еркіндігі мен экономикалық мүмкіндіктері шектеулі, кедейлік жайлаған Түркіменстанға оралуға мәжбүр.
Тәжікстанның авторитар президенті Эмомали Рахмонның бесінші қызы Парвина Рахмонованы көп адам тани бермейді. Бірақ ол иелік ететін фармацевтика компаниясы мемлекеттік келісімшарттардың арқасында миллиондаған доллар табыс тауып, елдің денсаулық сақтау саласындағы жетекші кәсіпорынға айналған.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ұлттық мораль мәселелеріне келгенде Конституциялық соттың шешіміне араласа алатын құзыретке ие болады. Бірақ ұлттық моральға қандай мәселелер жататыны анық көрсетілмеген. Сарапшылар бұл қадамды заң үстемдігіне қарсы әрекет деп бағалап отыр.
Кейінгі кезде Тәжікстанның көп өңірінде электр тоғы жиі өшіп, шаруалар мен кәсіпорындар жарықсыз қалды. Билік бұған жөндеу жұмыстарын сылтау етеді, бірақ оның қашан бітетінін айтпайды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі экономикалық мәселелер мен энергетикалық дағдарысқа қарамастан, жаңа президент сарайын салғызып жатыр. Президент нысан құрылысын толықтай мемлекет иелігіндегі маңызды жерлерді алған инвесторлар қаржыландырады деп мәлімдеді.
Тағы