Тәжік әйелі хиджабқа қарсы рейд кезінде жиырма шақты әйелмен бірге ұсталып, Душанбе полициясынан қоқан-лоқы көріп, ауыр сөздер естігенін айтады. Нилуфар Раджабованың сөзінше, полиция мен әйелдер ісі бойынша мемлекеттік комитет қызметкерлері оны желтоқсанның 14-і күні шағын автобустан алып кеткен.