16 қазанда Сооронбай Жээнбеков Қырғыз парламентінің алдына келіп сөз сөйлеп, үш жылда атқарған істері жайлы айтты. Оның сөзінше, тарих пен уақыт алдағы уақытта қазіргі жағдайға өз бағасын береді.
Қырғызстан парламенті кезектен тыс отырысында Садыр Жапаровты премьер-министр етіп тағайындау ұсынысын мақұлдады. Түрмеден өткен аптаның басында шыққан саясаткердің кандидатурасын парламентте басым дауысқа ие коалиция ұсынған. Президент Сооронбай Жээнбеков те парламент қаулысына қол қойды.
Тәжікстанның авторитар президенті Эмомали Рахмон кезекті рет осы қызметке сайланды. Биліктің қатаң бақылауымен өткен сайлаудың ресми алдын ала қорытындысы бойынша Рахмонның 91 пайызға жуық дауыс алғаны хабарланды. Алғашқылардың бірі болып Рахмонды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Қырғызстандағы үлкен өзгерістерге алып келген 5-6 қазандағы көтерілістен соң елдің ендігі тағдырын айқындауы мүмкін деген негізгі саяси тұлғаларды тізіп шығайық.
Қазақстандағы мемлекеттік БАҚ Қырғызстандағы парламент сайлауынан кейінгі жұрт наразылығын – "бейберекет", наразыларды "бұзақылар" мен "тобыр" деп сипаттады. Олар сөйлеткен сарапшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевты мақтайды. Азаттық бірнеше БАҚ хабарын шолып шықты.
Қырғызстанда екі революция қалай болды? Қазір елде не болып жатыр? Шолып шықтық.
Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесіне наразы халық үкімет, телеарна және қауіпсіздік қызметі ғимараттарын басып алды.
Қырғызстандағы наразылықтан соң билік жүйесінде саяси дағдарыс қалыптасты. Парламенттің бір топ депутаты жаңа спикер сайлағанын жариялап, түрмеден шыққан саясаткерді премьер-министрлікке ұсынды. "Легитимді президент" екенін айтқан Сооранбай Жээнбеков пен үкімет мүшелерінің қайда екені белгісіз.
Тағы