"Талибан" үкіметі Ауғанстандағы зайырлы мектептерді, университеттер мен оқу орталықтарын діни медресеге айналдырып жатыр. Қозғалыс өкілдері елде жүздеген ислам семинариясы ашылатынын мәлімдеді. Сарапшылар тәліптер балалардың "миын улап", Ауғанстандағы зайырлы білім беру жүйесін жойғысы келеді дейді.