Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған қарулы жанжал салдарынан ондаған адам қаза тапқан. Екі тарап "жанжал бастады" деп бірін-бірі айыптады. Қақтығыс кезінде бірнеше рет келіссөз жүріп, екі жақ оқ атуды тоқтатуға уағдаласқанымен, шекарадағы атыс қайта жалғаса берген.