Түркияда инфляция рекорд жаңартып, ұлттық валютасы – лира құнсызданып жатыр. Осыған қарамастан, бұл елге Орталық Азиядағы еңбек мигранттары көп келеді.
25-26 қарашада Бішкекте бірінші халық құрылтайы өтті. Құрылтайдың екінші күні «Кемпірабад ісі» бойынша ұсталған саясаткерлер мен белсенділерді босату мәселесі көтерілді. Кей делегаттар биліктің жемқорлықпен күрес әдістерін сынады.
Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзияева президент әкімшілігіндегі коммуникация және ақпараттық саясат бөлімінің басшысы атанды. Бұл тағайындау нені білдіреді?
2022 жылы Ресейдің Орталық Азия елдерімен саудасы едәуір ұлғайды. Мәскеу Батыс санкцияларын айналып өтіп, серіктес мемлекеттер арқылы тауар алдырып отыр.
Орталық Азия елдерінде элита мен билік және олардың отбасының жемқорлығы – осы аймақтағы тәуелсіз баспасөз құралдары үшін ең қатерлі тақырыптардың бірі болып келді. Бірақ бұдан басқа да шектеулер бар.
Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы шілдеде Қарақалпақстанда болған қантөгістің фото-видеоларын зерттеп, Өзбекстан билігінің наразылық кезінде жеңіл қару қолданылғаны туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ақпарат құралдары мен азаматтық қоғамның еркіндігін шектеу арқылы өз билігін күшейткісі келе ме? Қоғамдағы шиеленіс Қырғызстанда тағы да биліктің ауысуына алып келе ме? Азаттық АҚШ-тағы ұлттық қауіпсіздік университетінің профессоры Эрика Мараттан сұхбат алды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров оның билікке келуіне ықпал еткен ұлтшыл күштерді тоқтатуға тырысып, радикал қадамдар арқылы билігін нығайтуға тырысып жатыр.
Кейінгі күндері Тәжікстанда үш тәуелсіз журналист сотталып, бостандығынан айрылды. Тағы бірнеше адамға сот үкімі шықпақ. Сарапшылар оларға күмәнді айып тағылғанын, биліктің өзгеше ойлайтындарды басып-жаншып жатқанын айтады.
Тағы