Қазақстан бас прокурорының Қаңтар оқиғасына көрші елдер азаматтарының қатысқанын айтқаны мұң, кейбір елдер оған реакция білдіріп үлгерді. Бұл жолы тек бір жыл бұрын айтылған Таяу Шығыс пен Ауғанстан аталмады. Қазақстан оқиғаға «қатысқан» әлдебір шетелдіктердің кім екенін дәлелдей алмай келеді.
2022 жылы Орталық Азия елдерінде тәуелсіздік алғаннан бері қалыптасқан авторитар жүйе сыр бере бастады. Түрлі оқиға болып, қан көп төгілді. Билік саяси мәселелерді шешу ісінде бұрынғы әдетіне салды. Электоратты декорация ретінде пайдаланды.
Түркіменстанды 16 жылға жуық басқарған Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов биыл көктемде президент қызметінен кетті. Бірақ аттан түссе де, үзеңгіден түскісі келмейтін экс-президенттің мемлекеттік аппаратқа ықпалы әлі жүріп тұр.
БҰҰ адам құқықтары жөніндегі сарапшысы Мэри Лоулор Тәжікстан билігін "үрей күшейіп жатқаны үшін" сынға алды. Бірақ Душанбе белсенділер мен тәуелсіз адвокаттарға күмәнді айып тағып, ұзақ жылға түрмеге қамауын жалғастырып жатыр.
Жергілікті депутаттар Бішкектегі төрт әкімшілік ауданның совет заманынан қалған атауын өзгертуді ұсынды. Бұған Ресейдің депутаттары мен баспасөз құралдары қарсылық білдіріп, Украина мен Грузияны мысалға келтіріп жатыр. Қырғыз депутаттары атау өзгерту Қырғызстанның ішкі мәселесі деп есептейді.
Ресей Украинаға басқыншылық жасап жатқанда, Қытай Орталық Азияның қауіпсіздік саласына ықпалын күшейтіп жатыр. Жуырда Пекин Тәжікстанмен әскери келісімшартқа қол қойды. Бұл қадам Пекиннің құлшынысы мен аймақтың жаңа жағдайға бейімделуі тұрғысынан нені аңғартады?
Ресей билігінің Қазақстан және Өзбекстанмен "одақ" құру идеясы екіжақты әріптестік келісіміне қол қоймақ болып отырған Астана мен Ташкентке қиын тиді. Лондондағы Central Asia Due Diligence (CADD) талдау орталығы басшысы Әлішер Илхамов Азаттыққа берген сұхбатында осы және өзге мәселелер жайлы айтты.
Орталық Азия елдерінде энергетика саласында қиындықтар туындады. Шенеуніктер өнімділіктің төмен болуын тарифтердің арзандығынан көреді. Ал ел басшылары бағаны көтеру халықтың наразылығын туғызады деп қауіптенеді.
Тағы