Алматыда ұрланған қалыңдықтың тағдырын, оның уайым, күйзелісі мен төңірегіндегі жұрттың реакциясын сөз қолданбай, яғни қимылмен жеткізуге тырысқан өзгеше сипаттағы спектакль премьерасы өтті. Спектакльді "пластикалық театр" деп атаған қойылым авторлары көрермен би қимылдарын аудармасыз-ақ түсінеді деп санайды.