Картиналарын сата алмай жүрген шалғайда тұратын суретші шығармашылық адамдарын «саудалайтын зат» көретін мемлекеттен қайыр күтіп шаршағанын айтады.
Алматыда оныншы халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аяқталды. Гран-при израильдік режиссер Асаф Корманның «Қыз қасында» кинокартинасына бұйырды.
Сурет өнері жұлдыздары Қазақстанға сирек келеді. Постсоветтік кеңістікте көп дау туғызғанымен, Батыста туындылары қымбатқа сатылатын танымал ресейлік суретшінің Алматыда көрмесі ашылды.
Суретші Сәуле Сүлейменова «Целлофан суреттер» деген жаңа топтама әзірлеп жатыр. Жаңаөзен оқиғасы туралы картинасын таныстырмақ. Ол картина көшірмесін Азаттық сайтына жариялауға рұқсат етті.
Алматыда Х халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды. Бағдарламаға Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің фильмдері енбеген. Есесіне бұл жолы Қытай фильмдері көп.
Телехикаяға түсіп жатқан эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева Азаттыққа берген сұхбатында мәдениет университеті оқытушыларының жалақысы мен тойдан түсетін табысы туралы да айтты.
Алматыда ТМД елдері қуыршақ театрларының фестивалі өтіп жатыр. Бұл фестивальде номинация да, қазылар да, жүлде де жоқ.
Алматыда Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева ұйымдастырған «Алма-Ата – моя первая любовь» ретрофестивалі он бесінші рет өтті.
Ресейде бас кейіпкерді сол ел азаматтығын алған танымал француз актері Депардье сомдайтын, Шешенстан туралы атыс-шабыс жанрындағы фильм көрсетіле бастады. Актер бұрын Қазақстан киноларына да түскен.
Көрермендер режиссер Әмір Қарақұловты әлемнің әйгілі кинофестивальдерінде түрлі жүлде алған авторлық кинокартиналары арқылы таниды.
Ресейлік депутаты орыс адамын «құбыжық» етіп көрсететін шетелдік фильмдерді көрсетпеуге шақырды. Ол кино түсірушілерге үндеу жасап, "орыс патриотының" жағымды бейнесін сомдауды ұсынды.
Ресейлік белгілі рок музыкант өткен аптада Шығыс Украинаға барып, босқын балаларға концерт қойды. Мәскеудегі депутаттар оны осы әрекеті үшін мемлекеттік атақтарынан айыру керек деп санайды.
Тағы