ИШИМ ұйымы Ирактың солтүстік-батысын басып алды. Енді олар билігін нығайтуға тырысып жатыр. Бірақ өзін өзі жариялаған «халифат» әуелі «исламға қайшы» дүниелерді қиратуға кірісті.
Астанадағы жаңа Ұлттық мұражайға экспонат аймақтардан жиналған. Әзірге залдар түгел ашылмаған, экскурсия жетекшілері олардың санын білмейді. Жаңа ашылған мұражайға Азаттықтың тілшісі де барды.
Өнер академиясы биылдан бастап «дипломды айтыскерлер» даярламақ. Бірақ сарапшылар «ақынға диплом емес, дарын мен әділ ұйымдастырылған дода керек» дейді.
Италия театрының Астана гастролі аяқталып келеді. «Дон Кихот» балетін қоюға Қазақстан артистері де қатысты. Гастроль Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келетін Астана мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Биыл совет рок-жұлдызы Виктор Цойдың туған күніне арналған концерт Алматының сыртында өтті. Алматылық рок-топтар оның әндерін далада да орындады.
Биыл мұсылмандар қасиетті санайтын, ораза ұстайтын рамазан айы жаздың ең ыстық, ұзақ күндеріне сәйкес келіп тұр. Азаттық диетолог маманнан ораза тұтушылардың қалай қоректенуі жөн екенін сұрап білді.
Францияның белгілі интеллектуалы осы апта өз пьесасының желісімен Сараевода қойылатын жаңа спектакль Боснияның Еуропа Одағында ойнайтын рөлін айшықтай түседі деп үміттенеді.
Өскеменде орнатылған Абай мен Михаэлиске арналған ескерткіш президенттің Шығыс Қазақстанға барған сапары қарсаңында шұғыл орнатылып, қоғамдық наразылықтан соң алынып тасталды.
«Ұлы Жібек жолы» ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне, Қатонқарағай мен Ақжайық қорықтары биосфералық резерваттарының тізіміне енді. Ұйымның Қазақстандағы өкілі Азаттыққа толығырақ мәлімет берді.
Жасөспірімдер каникул кезінде кітап оқи ма? Кітап дүкені өкілдері «кітапқұмарлар көп» дейді. Бірақ жасөспірімдер арасында кітап оқуды жақсы көретіндер аз деген де пікір бар.
Алматыда Республика сарайы алдындағы алаңда өткен этникалық музыка фестивалі алты сағатқа созылды. Оған үш құрлықтан 13 топ пен өнерпаз қатысты.
Мюнхен филармониясын басқаруға шақырылған Санкт-Петербургтегі Мариинский театры жетекшісі Валерий Гергиев Кремльді қолдайтын позициясын түсіндіріп өнер сүйер қауымға ашық хат жазды. Германияның мәдениет сыншылары бұған қатысты түрлі пікір айтады.
Тағы