Әмудария суы жылдан жылға тартылып барады. Рогун су электр станциясының құрылысы дау тудырып отыр. Орталық Азия елдері мәселені шешуде мәмілеге келе алар емес.
Ұлыбританиялық Economist журналының барлау тобы Қазақстанды қымбаттаған мұнай бағасының есебінен тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізген бұрынғы совет елдерінің ішіндегі алты автократиялық режимнің бірі деп санайды.
Өз елінің ұлттық валютасына деген сенімі жағынан Әзірбайжан халқы алғашқы орында, ал белорустар соңғы орында тұр.
Жексенбі күні Маңғыстауға келген Еуропа парламенті депутаты Пол Мерфи Жаңаөзендегі ереуілдеткен мұнайшылармен, «Өзенмұнайгаз» кәсіпорыны басшыларымен, «Қаражанбас» мұнай компаниясы жұмысшыларымен кездесті.
Алматы облысындағы фермерлер ара шаруашылығы туралы заңның орындалмайтынын айтып шағымданады. «Мұны реттейтін мемлекеттік атқарушы орган да жоқтың қасы. Сондықтан ара бағу қиындап кетті» дейді омарташылар.
Су – кез-келген елде өмірдің стратегиялық қайнар көзі. Алайда өздерінің авторитарлық тәртіптерін нығайту қамымен жүрген Орталық Азия басшылары аймақтағы проблемаларды шешуге мұршалары келмейді.
Батыс Қазақстан облысындағы Тыналиев ауылында малдың үні өшкелі бір айдан асты. Үрерге ит те қалмады. Аусыл шығуына байланысты барлық үй жануарларын жойып жіберді.
Кеден одағына қосылған үш мемлекеттің келісімімен 1 шілдеге дейін автокөліктерді жеңілдетілген баж салығы бойынша кедендік рәсімдеу мерзімі аяқталды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Тимур Құлыбаев ресейлік «Газпром» компаниясының директорлар кеңесі құрамына енді. Сарапшылар мұны «Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын арттыруға күш салып жатқаны» дейді.
«Кеден одағы Қазақстандағы бағаның өсуіне сөзсіз әсер етеді» дейді Азаттық радиосында өткен дөңгелек үстелге қатысушылар. Олардың пікірінше, бұл жоба Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын күшейтуіне тиімді болғалы отыр.
«Форбс» журналы АҚШ Орталық барлау басқармасы мен Федералдық тергеу бюросына сілтеме жасай отырып, дүние жүзіндегі ең қауіпті деген 10 қылмыскерді жариялады. Соның бірі – «Тайваньчик» лақап атымен танымал Алимжан Тохтахунов.
Қазақстанның екінші жер серігін ұшыру шілде айына жоспарланып отыр. Мамандар «Қазсат-2» сыр бермейді деп сенеді. Кейбір сарапшылар «егер екінші жер серік те істен шықса» елдегі ғарыш бағдарламасын тұтастай қайта қарау қажет деп санайды.
Тағы