Дүние жүзіндегі металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ірі корпорациялардың бірі ENRC-дің қызметіндегі көлеңкелі тұстар көріне түсті деп жазады Financial Times басылымы маусымның 23-індегі санында.
Қаражанбас мұнайшылары Астанаға келіп, президент әкімшілігіне арнайы хат тапсырды. Ал Ерсайда ереуілдеген мұнайшылар қатары сиреп барады.
Мұнайшылардың туыстары «арандату ісіне енді жергілікті полиция кірісті» дегенді айтып отыр.
Сарапшылар алып Қытайдың қарыштап дамуынан емес, Қазақстандағы биліктің жауапсыздығынан қорқу қажеттігін айтады.
Маңғыстаудағы толқуларды билік өкілдері «заңсыз» деп атаса, оппозициялық партиялар жұмысшылар жағына шығып отыр. Кейбір саясаткерлердің пікірінше, бұл дағдарыс – мұнай-газ саласындағы қордаланған проблемалардың «жемісі».
The Wall Street Journal («Уолл Стрит Джорнал») басылымы маусымның 2-і күні Халықаралық валюта қорының келесі басшысын сайлау кезінде кімнің қандай рөл ойнайтыны туралы жазыпты.
Маңғыстау облыстық әкімшілігіне келген Қаражанбас мұнайшылары мен олардың туыстары облыс әкімінің өздерімен сөйлесуін талап етеді.
EurasiaView қазақ-қытай шекарасында аймақтағы ең ірі экономикалық жоба – еркін сауда аймағының салынатыны жайында жазады. Ал Central Asia Newswire Астананың Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасауынан мол пайда табатынын жеткізіпті.
«Трансперенси Интернешнл» Қазақстан шенеуніктеріне шетелдік компаниялардың пара бергені туралы бірнеше іске қатысты сот барысы сипатталып жазылған есебін жариялады. Кейбір істер жылдар бойы тергеліп жатыр.
Ал мұнайшылар кәсіподағының әкімшілік іс бойынша қамалған жетекшісі қамаудан жуыр маңда босатылмауы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының кей тұрғындары осы ауданға келген Қытай мамандары заңсыз жұмыс істеп жүр деп санайды. Ал «Бәтуа» компаниясының өкілі олардың келуінде заңға қайшылық жоқ дегенді алға тартады.
Сыртқы істер министрлігі өкілі Қазақстанның Иранға уран сатқаны туралы Уикиликс жариялаған ақпаратты жалған мәлімет дейді.
Тағы