Қазақстанда доллар бағамы біртіндеп көтерілген кезде «девальвация болады» деген сыбыс шығып, жұрт айырбас пункттеріне жүгірді. Тамыз айында 2 миллиардқа жуық доллар сатылған.
Сарапшылар Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары ішкі сұранысты қанағаттандыра алмай отыр деп санайды. Мұнай мен газ министрі жаппай дефицит жоқ екенін айтады.
Алматы облысы Қайназар ауылында 88 баланың жұқпалы ауруға шалдыққаны белгілі болды. Ауыл тұрғындары ауыз су лас деп шағымданады.
Еуразиялық экономикалық одақ интеграциясын жылдамдатуды ұсынатын ресми өкілдер роумингті жою арқылы рынокты дамытуға шақырады. Қазақстандық операторлардың бұған қарсы өз уәждері бар.
Қыркүйектің 25-і жабылады деп хабарланған «Алматы-2» вокзалы жыл соңына дейін мұрсат алғанын айтады. Бірақ вокзалдың сөзі мен сот актілерін орындау департаментінің дерегі үйлеспейді.
Теміртаудағы «АрселорМиттал» металлургиялық комбинатында өндіріс көлемін қысқарту көп адамның өмірлік жоспарын өзгертіп жіберді. Кейбір металлургтер жұмыстан шығып, Ресейден жұмыс іздеуге мәжбүр.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс табуы өте қиын. Олар күнделікті тұрмыста да көп кедергіге жолығатындарын айтады.
ШЫҰ саммиті алдында екіжақты келісім-шарттардың көбеюі бұл халықаралық ұйымның аймақтық экономиканы дамытуда кемшін тұстары бар екенін де аңғартады.
Кеден Одағының шетелдік көліктерге салатын баж салығынан қашқан қазақстандықтар Қырғызстаннан сенімхат арқылы көлік айдап әкелуді жөн көре бастады.
«Аман-саулық» қоғамдық ұйымы елдегі жалған жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдарды қаржыландыру ұлғайып отырғаны жайында мәселе көтерді. Билік белсенділер жариялаған зерттеу қорытындысымен келіспейді.
Осы апта Армения Кеден Одағына кіретінін мәлімдеді. Азаттық тілшісі АҚШ экономисі Джуди Шелтонмен осы одақтың мүше елдерге пайдасы туралы әңгімелесті.
Орталық Азияда мақта жинау науқаны басталғанда адамды күштеп жұмысқа жегу мен суды босқа шығындау мәселесі сөз болады. Осы кезде «мақтаға тәуелділіктен құтылу керек» деген пікір де айтылады.
Тағы