Алматыдағы студенттердің біразы жатақханадан орын ала алмай жүргендерін айтады. Ал университет өкілдерінің сөзінше, жатақхана әуелі жеңілдікке ие бірнеше топқа беріледі.
Қазақстан 2 қыркүйекте теңге бағамын мультивалюталық қор бағамына байланысты реттеу саясатына көшті. Бірақ ұлттық валюта әлі де долларға тәуелді.
Қазақстандық кәсіпкерлер соңғы кездері Қазақстан нарығын Ресей тауарлары «басып алып жатыр» дейді. Ал қазақстандық өндірушілер Ресейде керісінше кедергіге көп ұшырайтындарын айтады.
Алматылық кей ата-аналар жоғарғы сыныпта оқитын баласын мектепте жіберерде кем дегенде 200-250 доллар жұмсайды. Ең қажет заттардың өзіне осынша ақша кетеді.
Украина мен Ресей араздығы "Украинаның Еуропа Одағымен келісім жасауына кедергі келтіретін Ресей жоспары" деген құжат жарияланғалы шиеленісе түсті.
БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының 2013 жылғы баяндамасына қарағанда, Орталық Азия аймағындағы ең семіз адамдар - қазақтандықтар.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс жуықта міндетін аяқтайды. Азаттыққа сұхбат берген елші екі жыл ішінде атқарған істері жайлы, Қазақстанда болған оқиғалар туралы айтты.
Астана қаласының маңындағы Қоянды ауылының тұрғындары ауыз су сапасыз, жол мүлдем жоқ екенін айтады. Әкімдіктен үміт үзген тұрғындар құдық қазып, алты көшеге тас төсеп алған.
Аймақтарды дамыту министрі «моноқалаларға бөлінген 1 миллиард 800 миллион теңге игерілмегенін» мәлімдеп, әкімдерді сынады. Арқалықтың экс-әкімі Берік Әбдіғалидың айтуынша, оның бірнеше себебі бар.
Компаниялар арасындағы келісім бұзылуы кесірінен екі апта бойы Жезқазған қаласының қоқысы тазартылмай қалды.
Пекин мен Мәскеудің қарым-қатынасы жақсарып келеді. Маусым айындағы мұнай келісімі мен шілдедегі біріккен әскери оқу-жаттығу шарасы да бұған дәлел бола алады.
«Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу туралы жоба халықаралық деңгейде талқылана бастады. Алматы маңындағы табиғи аймақты қорғаушылар Орхус комитетіне шағымданды.
Тағы