Сарапшылар мұнай бағасының құлдырауы мен оған қабаттаса келген коронавирустың Орталық Азия елдері экономикасына зардабы ауыр болуы мүмкін деп санайды.
Теңгенің долларға шаққандағы құны 400 теңгеге жуықтаған соң үкімет пен Ұлттық банк теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жедел шара қабылдайтынын мәлімдеді. Сарапшы Мақсат Халық теңгенің құнсыздануы, үкіметтің бағаны бақылау мүмкіндігі, Ұлттық банк саясаты жайлы Азаттыққа айтып берді.
Әлемде тарап жатқан коронавирус пен ОПЕК+ жиынындағы сәтсіздіктен соң мұнай бағасы құлдырап, соның салдарынан долларға шаққандағы теңге бағамы өсті. Мұнайға тәуелді Қазақстан қандай шаралар қабылдамақ?
Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Қазақстанның шекара арқылы өтетін тауар мен жүкті қосымша тексеру туралы шешімін сынады. Қазақ үкіметі өз мүддесін қорғап отырғанын айтады.
Билік экономиканың "өсіп", елдің кірісі рекордтық шамаға жеткенін айтады. Көп балалылардың наразылығынан соң ақпанда бір үкімет кетіп, екіншісі әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыны арттыруға мәжбүр болды. Кей сарапшы жасақталғанына он ай болған үкіметтің тиімді жұмыс істегеніне күмәнмен қарайды.
Қараша айынан бастап Қазақстанда ұн және одан жасалатын өнімдерінің қымбаттағаны байқалды. Биыл астық былтырғыдан аз жиналды деп уәж айтатын билік, нан бағасы айтарлықтай өспейді деп сендіргісі келеді. Кей сарапшының сөзінше, сапалы астық экспортқа жіберілуі ішкі рыноктағы бағаға әсер етеді.
Уақытша жұмысқа жалданатын Шымкент тұрғындары тұрақты жұмыстың жалақысын азсынады. Олардың кейбірі өздерін жұмыссыздар қатарына қоспайды. Қала әкімдігі 40 мыңға жуық адамның немен күнелтіп жүргені белгісіз деп санайды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарынан кейін Қытай билігінің өкілдері Қазақстанға бір айда екі рет келді. Олар Қазақстан билігінен не сұрады?
Тәжікстан парламенті Қытай инвесторларына күміс кен орнын беру туралы шешімді мақұлдады. Үкімет кенішті игеретін шетел компаниясын жеті жылға салықтан босатты. Кей сарапшылар Тәжікстан бюджеті қаржыдан қағылуы мүмкін деп санайды.
Ұлттық банк ақша айырбастау орындарының жұмысына бірқатар шектеу енгізуді ұсынды. Ақша айырбастау орындарының иелері "ұсыныс күшіне енсе, елде 1990 жылдардағыдай валюта сататын "қара базар" пайда болады" деп қауіптенеді.
Шілденің 8-інде Ресей президентінің Грузиямен әуе қатынасын тоқтату жарлығы күшіне енді. Азаттық бұл шектеудің Қазақстандағы туристік компаниялар үшін нендей мүмкіндік туғызатынын анықтап көрді.
Нұр-Сұлтанда Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа қол қойылғанына бес жыл толуына орай саммит ашылды. Одаққа енгелі бері бұл елдерде қандай өзгерістер болды? Одақтан кім ұтты? Кім ұтылды?
Тағы