Әлеуметтік желіде «Қазақстандағы үш банк банкротке ұшырау алдында тұр» деген сыбыс тарасымен мазасы кеткен салымшылар банктерге жүгірді. Бұл оқиға әлеуметтік желілердің жұртқа ықпалын байқатты.
Құқық қорғаушылар Алматыда сенбі күні өткен жиынға қатысушыларды жаппай қамап, айыппұл салу заңсыз дейді. Белсенділер келесі наразылық акциясын өткізу үшін биліктен рұқсат алмақ.
"Банкрот" туралы ақпаратты жоққа шығарған банктер полицияға арыз түсіргенін мәлімдеді. Бірақ кейбір салымшылар ақшасын қайтарып алуға тырысып жатыр.
Дағдарыс орталығының дерегінше, төрт отбасының бірінде тұрмыстық зомбылық бар. Оған қылмыстық жаза кесілген, бірақ «көп нәрсе жәбірленушінің қорғану қабілетіне байланысты» дейді сарапшылар.
Жанармайды аз жұмсайтын, салмағы жеңіл көліктер шығаратын компаниялардың алюминийге сұранысы артады. Ал Қазақстан «бағасы арзан» деп, бұл металды өндіруді ұлғайтуға асығар емес.
Азаматтардың депозит салымындағы теңгесінің құны девальвациядан соң 19 пайызға кеміді. Астаналық тұрғын «үш бөлмелі пәтер сатып алуға енді шамасы келмейтінін» айтады.
Қазақстанның ең ірі қаласында девальвацияға қарсы рұқсат етілмеген жиынға жүздей адам ғана шықты. Бірақ бұл жиындар «саясаттан алыс» саналып келген жастар арасында наразылығын ашық танытуға әзір белсенді жандар пайда болғанын көрсетті дейді сарапшылар.
Ақпанның 15-і күні Алматыда Республика сарайының маңына жүзден аса наразы азаматтар жиналды. Теңге девальвациясы мен қымбатшылыққа наразылық білдірген ондаған азаматты полиция ұстады.
Ақпанның 14-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Оған депутаттар, облыс әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
«Ипотекалық несиені байлардың ғана қалтасы көтереді» деген сөзді билік жиі қайталайды. Бірақ ипотекалық дүрбелең тұсында несие алып, девальвациядан кейін төлем қабілетінен айырылған адамдар не істемек?
Қазақстандық теңгенің девальвациясы аймақтағы ірі валюта – рубльдің арзандауынан кейін болды. Екі оқиғаның байланысы бар ма?
Мүгедек жандардың жұмыс іздеу мүмкіндігі шектеулі екені белгілі. Бірақ олардың көбі өз идеяларын қиындықтан тайсалмай іске асырады.
Тағы