Экономикасы тұралап, қаржы мүмкіндіктері шектелген Қырғызстан мемлекеттік қарыз салмағын бұрынғыдан да қатты сезініп отыр. Елдің сыртқы қарызының басым бөлігі – Қытайдан алынған несие. Қазір билік өкілдері қаржы міндеттемесін орындау үшін радикал шаралар қолдануды талқылай бастаған.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдері қымбаттады. Билік бағаны ұстап тұру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап отырғанын айтады, ал отандық өндірушілер субсидия көлемін арттыруды сұрап отыр.
Осы аптада батыс баспасөзі қазақстандық Tengri Bank миноритар банкінің жабылуы, Қазақстанның мұнай-газ саласынан кеткен инвестордың активтері кімнің қолына өткенін талдаған.
2020 жыл басталғанда премьер-министр Асқар Мамин "Қазақстан тұрақты даму жолына түсті" деп мәлімдеген еді. Жылдың соңы үкіметтің Азия даму банкінен 2 миллиард доллар қарыз алуымен аяқталды. Азаттық сұхбаттасқан экономист Айман Тұрсынхан жылдың экономикалық қорытындысын жасап көрді.
Сарапшылар салымшыларға ақшасын бір банкте сақтамауға, мемлекеттік органдарға болған жағдайдан қорытынды шығаруға, ал компанияның бәсекелестеріне онлайн қызметтерін дамытуға кеңес береді.
Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) республикалық бюджет тапшылығын жабатын бюджеттен тыс қорға айналған. Қордың инвестициялық саясаты нашар, көрсеткіштері де төмен. Мемлекеттік қордың инвестициялық портфелін талдап көрген экономистер осындай қорытындыға келген.
"Императордың жаңа жолы" деп аталған жаңа кітап Пекиннің "Бір белдеу – бір жол" жобасы жергілікті жерде нақты қалай жүзеге асып жатқанын саралайды. Америкалық сарапшы Джонатан Хиллман бұл жоба кей ел үкіметтерінің оң жамбасына келгенін, ал кей халықтың Қытайдан секемденуіне түрткі болғанын жазады.
Экономист Айман Тұрсынхан Азаттыққа берген сұхбатында "реформа бойынша" жұмыс істейтін жаңадан құрылған ведомстволарға қандай міндет жүктелетіні, биліктің халыққа зейнетақы қорында салымын мерзімінен бұрын алуға рұқсат беруінің астары, кедейлік деңгейі қалай өзгеретіні жайлы ойын бөлісті.
Сарапшылар елдегі шағын және орта бизнестің 30 пайызы қайта аяққа тұрмай, біржола жабылуы мүмкін деп есептейді. Олар Қазақстандағы бизнес пандемияға дейін де дағдарыс жағдайында болғанын айтады.
Қытайдың алып экономикасы пандемияның ауыр зардабын артқа тастап, қайта бас көтергенде, Орталық Азияның әлжуаз елдері барған сайын күшейіп бара жатқан Пекинге экономикалық және саяси тұрғыдан кіріптар болып қалуы ықтимал.
Тағы