Оңтүстік және Орталық Азия коронавируспен күрес шектеуін енді босаңсыта бастағанда жаңа қиындыққа тап болды. Аймақта соңғы 20 жылда болмаған алапат шегіртке шабуылы басталды.
Қазақстан билігі коронавирустың таралуын тоқтатуға тырысып жатқан тұста елдің экспортқа шығаратын негізгі шикізаты – мұнай күрт арзандап, жығылған үстіне жұдырық боп тиді. Шикізат өндіру саласында жаңадан екі проблема пайда болғанға ұқсайды.
Коронавирусқа тосқауыл қою мақсатында енгізілген жаппай карантин шаралары кесірінен дүниежүзінде жұмыссыздық күрт көбейді, әлем елдері бұл мәселені түрлі жолмен шешіп жатыр.
Төтенше жағдай кезінде жұмысы тоқтап қалғаны үшін биліктен көмек алуы тиіс 361 компанияның тізімі желіде жарияланып кетті. Үкіметтен көмек алғысы келетін кәсіпорын, фирма, холдингтер арасында Forbes журналының байлар тізіміне енген қазақстандықтардың да бизнесті бар.
Түркістан облысында диқандар биыл өсірген мыңдаған тонна капустаны коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде Ресейге шығара алмай, егістіктегі өнім шіріп, шығынға батқанына шағынады. Аймақ әкімдігі егіншілер проблемасын шешуге үкіметтен көмек сұрады.
Коронавирус кесірінен дүниежүзі томаға-тұйық жабылған соң АҚШ-тағы шикі мұнай бағасы сәуірдің 20-сы күні күрт құлдырап, әлем экономикасы бұрын-соңды болмаған ауыр жағдайға тап болды.
Еуропаның бірқатар елі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус пандемиясының шарықтау шегі әлі алда деген ескертуіне қарамастан, бұған дейін енгізген шектеулерді жеңілдете бастады. Ал Халықаралық валюта қоры әлем елдері, оның ішінде Қазақстан экономикасына арналған болжамын жариялады.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жылыжайға помидор, қияр, капуста еккен диқандар карантин салдарынан еңбегіміз зая кете бастады дейді. Бұрын осы уақытта жүздеген жүк көлігі көкөніс артып шығатын ауылдар жым-жырт.
Мұнай бағасының төмендеуі мен коронавирустің кесірінен туған дағдарыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр? Дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін бе? Теңге бағамы қалай болады? Осы және өзге десұрақтарды Азаттық Ekonomist.kz онлайн жобасының авторы, экономист Қасымхан Қаппаровқа қойып көрді.
Коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкендер көбейді. Қашықтан жұмысты қолайсыз санайтындар да, болашақта қашықтан жұмыс істеуге көшу керек дейтіндер де бар.
Коронавирус пандемиясы мен мұнайдың күрт арзандауы экономистер "ерекше" және "терең" деп атаған жаңа әлемдік дағдарысқа әкелді. Қазақстан үкіметі коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде экономиканың құлдырауына жол бермеу үшін дағдарысқа қарсы шаралар дайындауға кірісті.
Қазақстан мұнай бағасы арзандап, теңге құлдыраған кезде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режиміне көшті. Үкімет уәде еткен 920 миллион доллар ел экономикасын қолдауға қаншалықты тиімді болмақ? Қаржы мен күшті қалай жұмсаған жөн? Азаттық экономист Қасымхан Қаппаровпен сұхбаттасты.
Тағы