Билік экономиканың "өсіп", елдің кірісі рекордтық шамаға жеткенін айтады. Көп балалылардың наразылығынан соң ақпанда бір үкімет кетіп, екіншісі әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыны арттыруға мәжбүр болды. Кей сарапшы жасақталғанына он ай болған үкіметтің тиімді жұмыс істегеніне күмәнмен қарайды.