"Нұр Отан" партиясы праймериз өткізді. Бірақ партияның "кадрлық ресурс жаңарады" деген уәдесі орындалған жоқ – көп өңірде мемлекеттік орган басшылары мен шенеуніктер жеңіске жетті. Сарапшылар партияның жаңа адамдардан қорқатынын, тек режимге адал, сенімділерге иек артатынын айтады.