Accessibility links

Наразылардың Ақ үйге басып кірген сәті. Фоторепортаж

Бішкекте парламент сайлауының алдын ала қорытындысына наразылар оппозиция митингісін күшпен таратпақ болған полициямен қақтығыстан соң президент әкімшілігі мен парламент отыратын Ақ үйге басып кірді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің фоторепортажы

Қырғызстанда парламент сайлауының алдын ала қорытындысына наразы топ 5 қазанда Бішкектің орталығындағы Ала-Тоо алаңында митинг өткізіп, президент Сооронбай Жээнбековтің биліктен кетуін, сайлауды қайтадан өткізуді талап етті. Кешке қарай парламент пен президент әкімшілігі маңында наразылар мен полиция қақтығысты. Күштік құрылым өкілдері наразыларға көзден жас ағызатын газ бен су шашып, резеңке оқ, түтін құтылар қолданды. Кей мәлімет бойынша, 120 адам жараланған. Кейінірек наразылар парламент ғимаратына басып кірді, полиция мен арнайы жасақ оларға қарсылық көрсетпеген. 6 қазанға қараған түні наразылар Ақ үйді басып алып, президент Жээнбековтің кабинетіне кірді.


XS
SM
MD
LG