"Ресейдің әлсіздігін пайдаланып, оның ықпалын азайтудың орнына Қазақстан режимі сырттан қолдау күтіп отыр" дейді саясаттанушы Димаш Әлжанов. Азаттық одан Украинада 500 күнге жалғасып жатқан соғыс барысында Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты қалай өзгергенін, болашақта не күтуге болатынын сұрады.