"Желтоқсан" ұйымы 1989 жылы алғаш рет Желтоқсан оқиғасын еске алу жиынын өткізді. Оның қалай өткені, зиялы қауым қалай қабылдағаны, жиынға қатысқан совет билігі өкілдерінің хикаясы – бүгінгі шолудың арқауы.
"Желтоқсан" ұйымы 1989 жылы алғаш рет 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алу жиынын өткізді. Оның қалай өткені, зиялы қауым қалай қабылдағаны, жиынға қатысқан совет билігі өкілдерінің хикаясы жайлы подкасымызды тыңдаңыз.
Ақтаудағы ұшақ апатының ақиқаты қайсы? Әзербайжан депутаты Кремль кешірім сұрасын дейді. Ұшақты Ресей атып түсірді дейтін нұсқаны айтушылар көбейді. Ресейдің ресми мәлімдемесі қандай? Ұшақ апатына байланысты Ақорданың ұстанымы қандай? "Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмаудың" амалын іздей ме?
Ресей президенті Владимир Путин 2025 жылы соғысты аяқтауға талпынатынын, келіссөздің Словакияда өткеніне қарсы емесін айтты. Оңтүстік Корея барлаушылары Солтүстік Корея әскериі Украинаның тұтқынына түскенін мәлімдеді. Соғыстағы ахуал. 26-27 желтоқсан.
Қазақстанды 2025 жылы экономикалық, саяси және экологиялық сынақтар күтіп тұр. Қазақстан үкіметі инфляцияны тежеу, бюджет дефицитін азайту және мұнай экспортын диверсификациялау сияқты міндеттермен қатар елдегі адам құқықтары мәселесіне баса назар аударуы керек дейді құқық қорғаушылар.
Батыс басылымдары Ақтау маңында құлаған ұшаққа ресейлік зымыран тиген деген ақпарат таратты. Мәскеу ресми тергеу аяқталғанға дейін долбар жасамауға үндеді. Апат салдарынан азаматтарынан айырылған Әзербайжан мен Қазақстандағы реакция қандай?
Батыс ақпарат агенттіктері Әзербайжан билігіндегі дереккөздеріне сүйеніп, Қазақстанда құлаған Azerbaijan Airlines ұшағына Ресейдің атқан зымыраны зақым келтірген деп жазды. Мәскеу ресми тергеу аяқталғанға дейін долбар жасамауға үндеді. Осы тақылеттес сөзді Қазақстанның ресми тұлағалары да айтты.
Инфляцияны тежеу, бюджет дефицитін азайту, мұнай экспортын диверсификациялау және адам құқықтары ахуалын жақсарту... Қазақстан 2025 жылы назар аударуы тиіс экономикалық, саяси және қаржылық қиындықтардың бір парасы – осылар.
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін түсірілген видеолардан құлаған ұшақтың құйрығында диаметрі әртүрлі тесіктер бар. Бұл әлдебір сырттан келген "атыс элементтерінің ізі" деген болжам айтыла бастады. Бұл қаншалық рас?
Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен.
25 желтоқсан Әзербайжан әуе компаниясының Embraer 190 жолаушы ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған. Бірақ ресми дерек бойынша, Грозныйда қалың тұман болғандықтан, Ақтауға жөнелтілген. Бірақ Ақтау әуежайына жете алмай қала маңындағы жазыққа бауырлай құлаған.
Тағы