Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің дауы әлі бітпеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пікірталасқа нүкте қойғысы келеді. Бірақ үкімет шешіміне қарсылар тоқтайтын емес. Халықтың көп бөлігі наразы болған Шығыс Қазақстанда жергілікті билік мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақытын бір сағат алға жылжытты.
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің дауы әлі бітпеді. Президент Тоқаев пікірталасқа нүкте қойғысы келеді. Бірақ үкімет шешіміне қарсылар тоқтайтын емес. Шығыс Қазақстанда мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақыты бір сағат алға жылжуын белсенділер "билік қателігін жасырын мойындады"деп бағалайды.
Ресей Украинаның Кривой Рог қаласына ауыр соққы жасап, 20 адам қаза тапты, олардың тоғызы бала. Ресей әскерилерге шабуылдадық дейді. Украина жоққа шығарады. Кремль осы аптада Украина мен АҚШ арасында жаңа келісссөз болады дейді.
"Қарағандылық геологтар сирек жер элементтері кенішін ашты" деп хабарлады үкімет. Бұл жаңалықты іліп әкеткен қазақстандық БАҚ еліміз сирек жер элементтері қоры бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына енеді деп жар сала жазды. Ал іздеу жұмыстарын жүргізген геологтар "бәрі солай, бірақ басқаша" дейді.
Құқық қорғаушылар Адам құқығы жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты "өз мәртебесі мен құзыретін дұрыс пайдаланбай отыр" деп сынға алды. Олар уәкіл президентке тікелей тәуелді болған соң еркін шешім қабылдай алмайды дейді. Алайда омбудсмен азаматтардан түсетін шағым көбейгенін, бақылау күшейгенін айтқан.
Тағы