Еуропарламент қабылдаған қарарда депутаттар Қазақстанда адам құқықтарының жағдайы айтарлықтай нашарлағанын мәлімдеп, құқық бұзуға қатысы бар лауазымды тұлғаларға санкция салуға үндеді. Еуропарламент вице-президенті Хейди Хаутала Азаттыққа берген осы қарар мен оған Қазақстанның реакциясы жайлы айтты.
Кеше ғана Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалған Садыр Жапаров 15 қазанда кешкісін жақтастарының алдына шығып, "президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткенін" айтып, "барлық билік менің қолыма өтті" деді.
Қазақстанның екінші президенті өзі саяси реформа деп атаған шараларды өзіне дейінгі басшы құрған жүйеде қалай жүргізіп жатыр?
Экс-премьер Әкежан Қажыгелдин Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы экономикалық дағдарыс, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсыныстары және басқа мәселелер туралы айтты.
Мұнай бағасының төмендеуі мен коронавирустің кесірінен туған дағдарыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр? Дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін бе? Теңге бағамы қалай болады? Осы және өзге десұрақтарды Азаттық Ekonomist.kz онлайн жобасының авторы, экономист Қасымхан Қаппаровқа қойып көрді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға бір күндік жұмыс сапары барысында Азаттыққа сұхбат берді. Дипломат АҚШ-тың Шыңжаңдағы "саяси тәрбие лагерьлері" бойынша ұстанымы, Орталық Азияда қандай мәселелерге басымдық беретіні және Қазақстанмен әріптестігінің болашағы жайлы айтты.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Кари Джонстоун Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанның адам саудасына қарсы күреске неге жеткілікті көңіл бөлмей отырғаны, қылмыскерлер қолына кімдер түсетіні және заңсыз іс-әрекетке полиция мен шенеуніктердің қандай қатысы бары туралы айтты.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып 12 жыл істеген Ермұхамет Ертісбаев зейнет жасына келді. Бір кездері оппозициялық басылымдар "билік бұлбұлы" деп атаған Ертісбаев 63 жасқа толардан үш ай бұрын Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметінен босатылған.
Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Азаттыққа берген сұхбатында "Қазақстанда қос билік орнады" деген пікірлер, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "лауазымға тағайындау" туралы жарлығы, билік бастамасымен құрылған Ұлттық сенім кеңесі, "Сайлау туралы" заң және басқа мәселелер жайлы айтты.
Қазақстанда қос билік орнады ма? Лауазымға тағайындау туралы шешімді бұрынғы президент басқаратын Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауымен қабылдау жайлы президент жарлығының астарында не жатыр? Азаттық осы және өзге сұрақтарды қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтиске қойды.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы билік транзиті, бейбіт митингі туралы заң және Қытайдың Шыңжаң аймағындағы жағдай туралы айтты.
Тағы