Экс-премьер Әкежан Қажыгелдин Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы экономикалық дағдарыс, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсыныстары және басқа мәселелер туралы айтты.
Мұнай бағасының төмендеуі мен коронавирустің кесірінен туған дағдарыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр? Дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін бе? Теңге бағамы қалай болады? Осы және өзге десұрақтарды Азаттық Ekonomist.kz онлайн жобасының авторы, экономист Қасымхан Қаппаровқа қойып көрді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға бір күндік жұмыс сапары барысында Азаттыққа сұхбат берді. Дипломат АҚШ-тың Шыңжаңдағы "саяси тәрбие лагерьлері" бойынша ұстанымы, Орталық Азияда қандай мәселелерге басымдық беретіні және Қазақстанмен әріптестігінің болашағы жайлы айтты.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Кари Джонстоун Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанның адам саудасына қарсы күреске неге жеткілікті көңіл бөлмей отырғаны, қылмыскерлер қолына кімдер түсетіні және заңсыз іс-әрекетке полиция мен шенеуніктердің қандай қатысы бары туралы айтты.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып 12 жыл істеген Ермұхамет Ертісбаев зейнет жасына келді. Бір кездері оппозициялық басылымдар "билік бұлбұлы" деп атаған Ертісбаев 63 жасқа толардан үш ай бұрын Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметінен босатылған.
Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Азаттыққа берген сұхбатында "Қазақстанда қос билік орнады" деген пікірлер, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "лауазымға тағайындау" туралы жарлығы, билік бастамасымен құрылған Ұлттық сенім кеңесі, "Сайлау туралы" заң және басқа мәселелер жайлы айтты.
Қазақстанда қос билік орнады ма? Лауазымға тағайындау туралы шешімді бұрынғы президент басқаратын Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауымен қабылдау жайлы президент жарлығының астарында не жатыр? Азаттық осы және өзге сұрақтарды қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтиске қойды.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы билік транзиті, бейбіт митингі туралы заң және Қытайдың Шыңжаң аймағындағы жағдай туралы айтты.
Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Азаттыққа берген сұхбатында үш тілде білім беру, педагогтың мәртебесі мен еңбекақысы, мұғалімді өзге жұмысқа жегу, білім саласындағы жемқорлық, ғылымға бөлінетін қаржы және басқа да мәселелер жайлы айтты.
Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласындағы жемқорлыққа кешенді жұмыс әрі ашықтық арқылы қарсы тұру керек деп санайды. Азаттыққа берген сұхбатында ол үш тілде білім беру, педагог мәртебесі мен еңбекақысы, мұғалімді өзге жұмысқа жегу, ғылымға бөлінетін қаржы жайлы айтты.
Парламент мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев Азаттыққа берген сұхбатында үкіметтің әлеуметтік саясаты, көп балалы отбасыларды қолдау, Ұлттық қор қаржысының жұмсалуы, мемлекеттен ұлттық компаниялар мен коммерциялық банктерге бөлінген ақша және басқа мәселелер туралы айтты.
Тағы