ОА-дағы діни проблемаларды зерттейтін бір топ ғалым халықаралық дағдарыс тобының (ICG) «аймақта ислам діні радикалданып барады» деген баяндамасының кей тармақтарымен келіспейтінін мәлімдеді. Олар ашық үндеуін The Diplomat басылымында жариялаған.
Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісі және Грузиядағы Қазақстан елшісі Ермұхамет Ертісбаев 90 жылдардағы билік пен оппозицияның текетіресі, сайлаудағы бұрмалау мен биліктің жер мәселесіне келгенде есебінен жаңылғаны туралы пікірлерімен бөлісті.
Эколог әрі саясаткер Мэлс Елеусізов 1990 жылдардың ортасындағы қоршаған ортаның ахуалы, Сталин және ядролық жарылыстар жайлы пікірімен бөлісті.
Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Жармахан Тұяқбай – 1990-жылдардағы бұзақылық, 2000-жылдардағы саясаттағы бұрмалау және арнайы қызметтің қазіргі оппозициямен жұмыс істеу әдісі туралы ойларын бөлісті.
Боксшы Василий Жиров суық спортзалда өткізген жаттығулары, дәнекерлеуші болып жұмыс істегені және 1990 жылдары «отырып шыққандар», «іскерлер» және «спортшылар» деп бөлінген туған қаласы Балқаш жайлы әңгімелеп берді.
Тәуелсіз Қазақстанның Жоғарғы кеңесінің алғашқы төрағасы Серікболсын Әбділдин Қазақстанның саяси өмірі25 жыл ішінде қалай өзгергені жайлы айтып берді.
Азаттықтың Қырғыз қызметі қазақстандық танымал құқық қорғаушы Евгений Жовтистен қырғызстандық құқық қорғаушы Әзімжан Асқаровтың ісі бойынша сұхбат алды. Әзімжан Асқаров 2010 жылы болған Ош оқиғасынан кейін сотталған еді.
Инвестиция жөніндегі британдық кеңесші Лондон мен Астанада тұратын Бенджамин Годвин экономикалық дағдарысқа байланысты Қазақстан режиміне төнетін қатерлерге назар аударады.
Студенттер фестивалінде бас жүлде алған баян-өлгийлік қазақ компьютер дизайнері моңғол ертегісін смартфонға ыңғайлап фильм-ойын етіп шығарған. Оның арманы – 3D форматына көшу.
Қарашаның басында Дублинде Front Line Defenders ұйымы өткізген конференцияға әлемнің 80-нен астам елінен өкілдер жиналды. Азаттық осы жиынға Қазақстаннан барған құқық қорғаушымен сұхбаттасты.
Ұлыбритания қазағы Исмаил Кесижи Азаттыққа «Қазақстан елшілігі, қазақ диаспорасы және қазақстандық студенттер қосылған «үш бұрышты» қоғамдарының» тыныс-тіршілігі жайлы әңгімелеп берді.
Қазанның 29-ынан бастап АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орталық Азия елдерін шарлап өтіп, дүйсенбіде Қазақстанға келеді. Саясаттанушы Расул Жұмалы бұл сапардың мәні туралы ойымен бөлісті.
Тағы