Бұл жолғы дөңгелек үстелдің тақырыбы «Қазақстанда оралманофобия» деген құбылыс бар ма?» - деп аталады.
«Самұрық-Қазына» қорының жанындағы Эксперт клубының тауяда болып өткен отырысында аталмыш қордың төрағасы Тимур Құлыбаев Маңғыстауда 6-7 ай бойы ереуіл өткізіп жүрген халықты «отандастар» және «көшіп келгендер», яғни «оралмандар» деп жік-жікке бөлді.
Құлыбаевтың сөзіне қарағанда, ереуілді ұйымдастырып, оны басқарып жүргендер де Өзбекстанның Қарақалпақстан автономиясы мен Түркіменстаннан көшіп келгендер көрінеді.
Алайда, ата-жұртына қоныстанған оралман-қазақтар өздерін шеттетіп, жек көретін немесе олармандарды кемсітетін «оралманофобия» деген құбылыс Қазақстанда ертеде-ақ пайда болған. Оралмандарға қарсы осындай теріс көзқарас немесе ауыр сөздер, көбіне, түрлі деңгейдегі Тимур Құлыбаев, көші-қон агенттігінің бұрынғы төрағасы Қабылсаят Әбішев немесе Дүниежүзі қазақтары құрылтайы төрағасының қазіргі бірінші орынбасары Талғат Мамашев сынды шенеунектердің ауыздарынан шығып жатады.
Азаттық радиосының орыс тілінде өткізген осы дөңгелек үстелінің жазбаша мәтіні мен аудио нұсқасын Интернет-сайтымыздан оқып тыңдауға да болады.