Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысқан «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының өкілі ЕҚЫҰ-на төрағалық Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады десе, бірқатар жастар оның «кезекті кезекшілік» екенін және елге айтарлықтай пайдасы тимейтіні туралы пікір айтады.
Соңғы санақ нәтижесі Қазақстанда адам санының өсімі бар екенін көрсетті. Алайда кейінгі жылдарда елдің демографиялық ахуалының нашарлап бара жатқанын ресми деректер де жоққа шығармайды. Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстелі осы мәселеге арналды.
Қазақстан президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі Серік Ахметовтің дерегі бойынша, ұлттық тәуелсіздіктің 18 жылы ішінде тарихи отаны – Қазақстанға 192390 отбасы немесе, ресми биліктің терминімен атасақ, 753383 қазақ оралманы көшіп келген.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төраға болуын Орта Азиядағы көрші елдер қалай қабылдады? Қандай үміт-сенімдер артады? Осы жөнінде өткізілген Азаттықтың дөңгелек үстелінде сарапшылар ой-пікірлерін ортаға салады.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуді бастаған Қазақстан осы ұйымның толыққанды мүшесі ретінде өз міндеттері мен уәделерін орындап келді ме? Азаттықтың дөңгелек үстелінде айтылған пікірлерді тыңдаңыздар.
2009 жылдың соңында Қазақстанда 12 бизнесмен түрме жазасына кесілді. Кезінде БТА банкпен байланысы бар банктер мен компанияларда жұмыс істеген оларды Алматының Алмалы аудандық соты сыбайласқан жемқорлық қылмысына қатысы бар деп тапты.
Азаттық радиосы «Ел бірлігі» доктринасына байланысты дөңгелек үстел өткізді. Оған ақын Мұхтар Шаханов, режиссер Болат Атабаев, жазушы-диссидент Кәрішал Асан-Ата және «Шаңырақ» оқиғасынан кейін сотталған Арон Атабектің жұбайы Жайнагүл Айдархан қатысты.
Тәуелсіз қазақ елі үшін 2009 жыл ауыз толтырып айтатын қандай маңызды жетістіктер және әттеген-ай дегізетін мәтқапы оқиғалармен ерекшеленді? Келер жылдан ел қандай үміт күтеді? Азаттықтың дөңгелек үстел талқылауы.
Азаттық радиосы саяси тұтқындардың туыстары шағымданып жатқан қазақстандық адам құқын қорғаушы ұйымдардың жұмыс мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет тәуелсіздігі ғасырлар қойнауынан бастау алатынын атап айтты. Бұл сөзі 4 жыл бұрынғы өз мәлімдемесіне қайшы келіп отыр. Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде сарапшылар ел басшысының осы екі тұжырымын талқыға салды.
Желтоқсанда қазақ жастарын репрессияға ұшыратқан коммунистер әлі билікте отыр, олар Желтоқсан ақиқатын айтуға, айтқызуға мүдделі емес дейді Азаттықтың дөңгелек үстел сұхбатына қатысушылар. Сонымен, 1986 жылғы Желтоқсан туралы айтылмай келе жатқан не бар?
Қазақстанда биыл жыл басында өткізілген халық санағының түпкілікті нәтижесі әлі жария болған жоқ. Санақтың бастапқы қорытындысының өзі ресми билік өкілдерінің кейбірінің күдік-күмәнін туғызған. Осы ретте Азаттық Радиосы «Халық санағы демографияның қандай өзекті мәселелерін алға тартты?» деген тақырыпта дөңгелек үстел сұхбатын өткізген болатын.
Тағы