Бурят журналисі Евгения Балтатарова 2022 жылдың наурызында Ресейден қысым көріп, Қазақстанға кеткен. Кейін Ресей билігі оған "елдің армиясы туралы жалған ақпарат таратты" деген айып тағып, халықаралық іздеу жариялады. Биыл ол босқын мәртебесін беруден бас тартқан Қазақстаннан да кетуге мәжбүр болды.
Мәскеудің Украинаға қарсы басқыншылығын қолдамайтын ресейлік еріктілер оккупацияланған аймақтағы украиндерді құтқарып, оларға гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр.
Иосиф Сталин осыдан 70 жыл бұрын қайтыс болды, алайда бүкіл Ресейде оның ықпалы әлі күнге сезілетіндей: «Біз әлі Сталин салып кеткен жолмен жүріп келеміз, қоғамда халықты қорқытып басқару, бөліну, бойсұну сияқты әлеуметтік кеселдер басым».
Батыстың миллиардтаған доллар әскери көмегі тоқтап тұрған тұста украин сарбаздары қолда бар қарумен соғысып жатыр. Жарылғыш орнатылған кәдімгі дронмен қаруланған роталар қазір әр бөлімшеде бар. Олардың қаруы кейде артиллериялық снарядтан да тиімді жұмыс істейді.
18 желтоқсан күні Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан, Беларусь және Молдова азаматтарына Ресей паспортын алуды жеңілдететін жарлыққа қол қойды. Енді Ресей азаматтығын алғысы келген қазақстандық кейінгі бес жылда Ресейде тұрғанын, елдің тарихы мен заңдарын білетінін дәлелдеуге міндетті емес. Тек орыс тілі сынағынан өтсе жеткілікті. Саясаттанушы, сарапшылар мұның астарынан түрлі себеп көреді. Орталық Азия елдерінің ішінен неге тек Қазақстан таңдалды?
Ресей президенті Владимир Путин төрт сағат бойы тікелей эфирде журналистер мен тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Бір сөзбен қорытар болсақ: Украинадағы соғыс Путин қалағанша жалғасады.
Тәжік мигранттары мен құқық қорғаушылар Ресей билігін Орталық Азиядан шыққан жұмысшыларға қысым көрсетіп, Украинаға соғысқа баруға мәжбүрлеп жатыр деп айыптады. Олардың сөзінше, полиция Ресей билігінің ұсынысынан бас тартқандарды ұрып-соғып, қудалап, депортациялауға көшкен.
Ресейдің Украинаға басып кіргенін ашық айыптаған ресейліктердің көбі не қамалды, не шетелге қашты. Бірақ кейінгі кезде қарсылықтың жаңа түрі тарай бастады.
Кейінгі айларда Ресей саясаткерлері Украинадағы соғысқа шетелден келген жұмыс күшін тартуға үндеп жүр. Сарапшылар мигранттарға әскермен қатар экономика да мұқтаж екенін айтады.
Тағы