Ресей Украинаға соғыс ашқалы елінің азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортын алған кәсіпкерлер де, спортшылар да бар. Кейбірі Интернетте жарияланған өмірбаянынан Ресейді сызып тастап, Қазақстанда туғанын жазған. Санкция қаупі төнгенде Кремльге жақын кәсіпкерлер өмірбаянын қалай өзгертіп жатыр?
14 тамызға қараған түні Украинаның Херсон облысы мен Одесса қаласына шабуылды үдетті. Кемінде жеті адам қаза тауып, жиырмаға жуық адам жараланды. Ресей әскері атқылаған зымыраннан Херсонда бір отбасы түгелдей мерт болды. Өңірде қаралы күн жарияланды.
Дағыстан, Краснодар өлкесі, Волгоград пен Ростов облыстары, журналистердің дерегінше, Украинада қаза тапқандар саны жағынан алда тұр. Кавказ.Реалий сайтының есебінше, Дағыстан – екінші орында. Ал Кубаньда соғыс басталғалы Украинадағы майданда өлгендерді жерлеу жиілеген.
24 шілдеге қараған түні Мәскеуге екі дрон шабуылдап, ғимараттарға зақым келді. Кремль бұған Киевті айыптады. Ал Ресей әскері Қырым көпіріне жасалған шабуылдың қайтарымы ретінде бір аптадан бері Украинының оңтүстігін атқылап жатыр. Одессаға шабуылдан бір адам қаза тауып, 20-дан аса адам жараланды.
Вильнюстегі НАТО саммитінде Киевке қауіпсіздік кепілдігі берілмеді. Бұл - әскери альянстың Украина жөнінде ортақ стратегиялық көзқарас қалыптастыра алмағанын көрсетеді. АҚШ әскери-теңіз колледжінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі профессоры Николас Гвоздев Азаттыққа берген сұхбатында осыны айтты.
Тағы