Қазақстанның оншақты қаласында тіркелмеген "Алға Қазақстан" партиясының белсенділері Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 500 күн толар қарсаңда, 2 шілде күні соғысты айыптап, бейбітшілік митингісін өткізбекші болған. Бірақ жергілікті билік белсенділердің кемі 40 өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.