Қырғызстан билігі Ресейде іздеу жарияланған ресейлік белсенділерді қармап жатыр. Оларды адамды түр-тұлғасынан танитын арнайы жүйенің көмегімен ұстаған сияқты. Ресей осы жүйеге іздеуде жүрген ондаған мың азаматының деректерін берген деген хабар бар. Кейінгі он күнде Қырғызстанда үш ресейлік ұсталған.
Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысынан оңтүстіктегі Днепр өзеніне дейін созылған майдан шебінің бойында қиян-кескі шайқас қыза бастады. Ресейдің қорғаныс министрлігі Украина қарымта шабуыл бастады дейді. Азаттық осы төңірегіндегі хабарламаларды шолып шықты.
In March 2022, at the height of the Russian invasion, RFE/RL's Serhiy Nuzhnenko was one of the first photojournalists to enter the still contested town of Bucha. More than one year on, the photographer has visited the sites of some of his photographs of devastation to find a town transformed.
Ресейдің зерттеуші журналисі Роман Анин Кремль билеушісі Владимир Путин тарихта өзі қалағандай I Петр мен Ұлы Екатеринаның емес, Гитлер мен Каддафидің қатарында тұрады дейді. Журналистің пікірінше, Ресей президентінің тағы үшін талас әлдеқашан басталып кеткен.
Бүгін, 25 мамыр күні Минскіде Ресей мен Беларусь қорғаныс министрлері кездесіп, Беларусь аумағына ядролық қару орналастыруға уағдаласты. Бұл туралы Беларусь қорғаныс министрлігі хабарлады.
Спутниктен түсірілген жаңа суреттерде Украинаның Бахмут қаласы бірнеше айға жалғасқан қиян-кескі шайқасы салдарынан сау-тамтығы қалмай қирағаны байқалады. 16 мамырда Ресей әскері Бахмуттағы украин жауынгерлері бекінген жерлерге 55 рет соққы берді деп хабарлады Украина қарулы күштерінің бас штабы.
Өткен аптада Мәскеудегі жеңіс парадына Орталық Азиядан Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қана қатысады деп айтылған еді. Бірақ шараға аз уақыт қалғанда өңірдегі басқа басшылар да баратыны белгілі болып, Кремльдің қысымы туралы айтыла бастады.
Тағы