Украина жауынгерлері мен еріктілер қиян-кескі шайқас жүріп жатқан Бахмут қаласы мен оның іргесіндегі Часов Яр кентінен тұрғындарды қауіпсіз аймаққа әкетті.
Былтыр жүздеген ресейлік Қырғызстан төлқұжатын алған. Ресейдің жекеменшік компаниялары Қырғызстаннан жеңіл жолмен азаматтық алуды ұсынады. 2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіргенде, жүздеген мың ресейлік шетелге қоныс аударып, көбі постсоветтік елдерді паналаған.
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен бала құқығы жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы тұтқындауға ордер берді. Сот төрағасы «президент пен уәкіл Украинаның оккупацияланған аумақтарынан балаларды депортациялап, әскери қылмыс жасады» деп күдіктенеді.
Ресейдің күші мен қаруының басымдығына қарамастан, Украина әскері Бахмут қаласы үшін шайқасты жалғастырып жатыр.
Тағы