Украина әскері Днепр өзенінің сол жағалауында кемінде екі плацдарм құрды. Бұл – Киевтің 5 айға созылған қарымта шабуылындағы соңғы демі ме, әлде жақсылық нышаны ма?
Әлемде балалар соғыс зардабын тартып жатыр. Газа секторында кейінгі 18 күнде жарылыстан қаза тапқан бала саны 2300-ден асқан. Ал Украинада кемі 500 бүлдіршін мерт болып, жиырма мыңға жуығы Ресейге күшпен әкетілгені айтылады.
Ресей күштері Украинаның Харьков облысындағы шағын ауылға ракета атып, салдарынан 51 адам қаза тапқан. "Жарты ауылды жоқ қылды" дейді сол жерде жүрген журналист. Билік өкілі "бұл – соғыс басталғалы бері бір сәтте ең көп адам қаза тапқан оқиға" деп мәлімдеді.
Бір жыл бұрын Ресейде "ішінара" мобилизация жариялаған соң ресейліктер Қазақстанға жаппай ағылған еді. Көбі Қазақстанды транзит аймағы ретінде пайдаланып, кейбірі көп ұзамай еліне оралды. Алайда мұнда қалып қойғандар да бар. Азаттық Қазақстанға біржола қоныс тепкен бірнеше ресейлікпен әңгімелесті.
Украина оңтүстік майданындағы шағын жерге НАТО дайындаған, Батыстың қару-жарағымен жабдықталған төрт бригада орналастырып, айтарлықтай жетістікке жетті. Кеше ғана жаулап алған окоптардан қарасақ, соғыс бітпейтіндей көрінуі мүмкін, бірақ штаб-пәтерде тұрып, мұның ақыл мен қарудың айқасы екенін және ақырында айласы асқан жеңіске жететінін байқайсың.
Украинада соғыс басталғалы 19 айға жуықтады. Қазір Ресей Украинаның қарымта шабуылына төтеп беруге бар күшін салып жатыр. Майдандағы ресейлік сарбаздар қажып, жүнжігенін айтып шағымданады. Ел арасында жаңа мобилизация болады-мыс деген қауесет өршіп, Кремль оны басумен әлек.
Украина қарушы күштері Донецк облысындағы негізгі елдімекендерді азат етіп жатқанын хабарлады. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның Ресейге жасаған бір апталық іссапары аяқталды. Қырғызстанның ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Тәшиев Тәжікстанға ескерту айтты.
Биліктегі ауыс-түйіс, жаңа тағайындаулар кадр тапшылығын көрсетті ме? Орталық Азияны зерттеуші Лука Анчески осы және өзге де сұрақтарға жауап беріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрт жылдық билігіне қатысты тұжырымдарын айтты.
Ұлты қазақ ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиев пен әріптестері Ресей басып алған Донбасс аймағында концертке қатысқан. Олар Донбасста соғысты қолдайтын ән шырқаған. Осыдан кейін Мұсағалиев бастаған ресейлік әзілкештердің Қазақстандағы концертіне бойкот жариялағандар көбейді.
Ресей әскері шегінгеннен кейін Украинаның шығысындағы туған ауылына оралған Ирина ырыс ошағы болған үйінің қатты бүлінгенін көрген. Көрші үйдің қирандысының астынан ұлының сүйегін тапқан. Ирина мен күйеуі басына түскен қайғы-қасіретке мойымай, қайсарлық танытып, ертеңіне жігермен қарайды.
Тағы