Қазақ эмиграциясының белгілі қайраткерлері Дәлелхан Жаналтай мен Қажығұмар Шабданұлының тағдыры Шығыс Түркістаннан басталады. Бірі сондағы коммунистер қысымын әшкерелеу үшін күресті, азаппен Түркияға көшті. Бірі Қазақстандағы Ашаршылықтан бас сауғалап барып, Шыңжаңда қалды. Еркін ойы, озық пікірі үшін 40 жылдан аса Қытай түрмесінде отырды. Өле-өлгенше биліктің қатаң бақылауында болды.