"Желтоқсан" ұйымының тең төрағалары Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев 1990 жылы Азаттық радиосына берген кеңейтілген сұхбатының жалғасында елдегі әлеуметтік ахуалды, экономикалық қиындықтарды және ұлтаралық қатынас мәселелерін талқылаған.
Парижде өткен паралимпиадада Қазақстанның екі алтын, үш күміс, төрт қола жүлде иеленгені – ел спорты үшін тарихи жетістік. Сарапшылар бұл жеңіске қарамастан елде мүгедек жандарға әлі де жағдай жасалып, көп көңіл бөлінуі керек деп есептейді. Бұған қоса, сарапшылар паралимпиадашылар жеңісіне қоғам назары аз болғанын аңғарған.
Азаттықтың "Дубайдағы Қазақстан" деп аталатын зерттеуінің екінші бөлімінде сот, полиция, прокуратура және өзге де құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері мен туыстарының шетелдегі жылжымайтын мүлкі жайлы айтамыз.
Қазақстан билігі АЭС салуды насихаттайтын науқанға әнші-әртістерді жұмылдырған.
Украина президенті «Курскідегі ахуал жоспар бойынша жүріп жатыр» деді. Астанада «Орталық Азия+Германия» саммиті өтті. Сауда-саттық бас тақырыпқа айналған жиында адам құқығы неге әңгіме болмады? Еуропаның орталығы мен шығысын үздіксіз жауған жаңбырдан соң тасқын су жайлады.
Эколог әрі су ресурстары саласының маманы, EcoMind экожүйе шешімдері орталығының жетекшісі Арман Өтепов экожүйе тұрғысынан қарастырса, Сырдарияны ғана емес, онымен бірге Аралды да құтқаруға болатынына сенімді. Ол басқа да шаралармен бірге барлық гидротехникалық құрылғыны алып тастауды ұсынады.
– Ресей жексенбі күні Украинаның Харьков қаласына авиабомба тастады. Қырықтан астам адам зардап шекті. – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ресейдің жеңілмейтіні анық» деп мәлімдеме жасады. – Германия канцлері Орталық Азиядан не іздеп жүр?
Ресей президенті Владимир Путин балалары туралы айтпауға тырысады. Бірақ журналистер оның екі қызы барын, олардың немен айналысатынын анықтаған. Журналистердің жаңа зерттеуі гимнастикадан олимпиада чемпионы болған Алина Кабаева Путинге екі ұл тауып бергенін көрсетіп отыр.
Германия канцлері Олаф Шольц Өзбекстаннан кейін ресми сапармен Қазақстанға келеді. Астанада ол жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп, Орталық Азия басшыларымен "бес плюс бір" форматында өтетін саммитке қатыспақ. Бұл кездесулерден не күтуге болады? Аймаққа қандай пайдасы бар?
– Украина мен Ресей жұмаға қараған түні бірін-бірі дронмен атқылады. – Ресей президенті Батысқа тағы да сес көрсетті. Путинге Ұлыбритания премьер-министрі Стармер жауап берді. – АҚШ Ресейді зымыранмен атқылауға рұқсат етсе соғыстың сипаты өзгере ме?
Тағы