Халықаралық "Шекарасыз өзендер" қоғамдық қорының жетекші сарапшысы Евгений Симонов Сырдариядағы экологиялық мәселелер және олардың шешу жолдары жайлы ой бөлісті.
Қақаған қаңтарда құрылысы бітпеген, жылуы жоқ ғимаратта жүзге тарта адам жан азабы мен тән азабын қатар тартты. Оларды "бүлік жасамақ болдық" деп айтқызып, мойындатпақ болды. 2 жыл 8 ай өтсе де 23 өзбек азаматы азапталғанын дәлелдей алмай жүр.
Баку билігі осы аптада Ресей президентін жылы қарсы алғанымен, оның Әзербайжанға сапары Илхам Әлиевтің қонақжайлығының шегі бар екенін көрсетті. Қазір Владимир Путин Бакудің көпвекторлы сыртқы саясатынан ғана үміттене алады.
29 жастағы Нұртас Нұрғалиұлы мен 32 жастағы Нұрислам Әліпбайұлы оқушы кезінен құмар ойынға үйір болған. Жылдам ақшаға дәндеген екеуі соның жетегінде он жылдан аса жүрген. Дос-жараннан ажырап, барын ойынға салып, қарызға белшеден батқанда өлім туралы да ойлапты. Бірақ екеуі де арнайы маманның көмегімен құмар ойынға тәуелдіктен құтылған. Қазір олар ойын тұзағына түскен басқа адамдарға жәрдемдесіп жүр.
Қырғыз омарташыларының үш буыны бал жинау үшін ел ішінде көшіп-қонып жүр. Жаһандық климаттың өзгеруі отбасылық бизнеске де әсерін тигізіп жатыр: араның ұясын көшіру жоғары өрлей-өрлей, Екі Нарын алқабына тірелген. Бұл жерден Сырдарияға құятын өзендер бастау алады.
2022 жылы "Ақша жымқыру" айыбымен алты жылға сотталған кәсіпкер, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының жазасы жеңілдеді.
Шымкент іргесіндегі Шаңырақ ықшам ауданында ондаған адам далада қалуы мүмкін. Оған қала мен аудан әкімдіктерінің бір жер телімін екі адамға үлестіріп бергені себеп. Тұрғындар сотта жеңіліп, бірнешеуінің үйі күрелген. Тағы бірнеше отбасы сот орындаушыларын күтіп отыр.
Халықаралық олимпиада комитеті 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы олимпиаданың бағдарламасына әзірге боксты қосқан жоқ. Қазақстан көп үміт артатын бокс спортының болашағы бұлынғыр. Бұған не себеп? Түсіндірейік.
Қарағанды облысында тұратын жас кенші Николай Девяткин кенжарда техника қауіпсіздігі талаптары бұзылғанын басшылыққа жеткіземін деп, жұмысынан айырылып қалғанын айтады. Ал бұрынғы жұмыс берушісі Девяткин тыйым салынғанына қарамастан ұялы телефон алып кіріп, "тәртіп бұзғаны үшін" шығарылды дейді.
Жаз шықса, Қазақстан жұртшылығы елдің оңтүстік-шығысында, Жетісу және Абай облыстарының ортасында орналасқан тұйық айдын – Алакөлге ағылады. Жұрт көлдің Алматыға жақын батыс жағында да, Семей жағындағы шығыс жағында да демалады. Алакөлде болып қайтқан Азаттық тілшісі не көрді?
Тағы