Беларусьте 13 сәуірден бері қамауда отырған төрт адамға Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (КГБ) "Лукашенконы өлтірмек болды" деп ресми түрде айып тақты. Саясаттанушы билік халықтың назарын аудару үшін "астыртын сөз байласуы ойынын үнемі қолданатынын" айтады.
2020 жылғы 12 қарашада Минскіде белсенді Роман Бондаренконы полицейлер ұрып-соғып, мәшинеге салып алып кетті. Кейін ол есін жимастан көз жұмды. Лукашенко «ол мас болған, әлдекімдермен төбелескен» дейді. Бірақ журналистер мен белсенділер Беларусьтегі мемлекеттік пропаганданың өтірігін әшкереледі.
Польшада орналасқан Беларусьтің оппозициялық Nexta телеграм-каналы Александр Лукашенконың (Орталық сайлау комиссияны 2020 жылы ел президенті деп жариялаған) “шалқыған өмірі” жайлы фильм жариялады.
Беларусь күш құрылымдары былтырғы жаздың соңынан бері қарсылық акциясында ұстаған азаматтардың киіміне, кейде тіпті денесіне әртүрлі түсті бояу жағып, "таңба" салуды әдетке айналдырған. Полиция ондай белгі салынғандарға ерекше қатыгездік танытады дейді құқық қорғаушылар.
Беларусь жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевич қазір Германияда уақытша тұрып жатыр. Азаттықтың Беларусь қызметіне берген сұхбатында ол Беларусьтегі қарсылық қозғалысы қалай өрбіп жатқаны, революцияның өміршеңдігі туралы әңгімеледі.
Беларусьте оппозиция жетекшісінің шақыруымен басталған жалпыұлттық ереуіл жалғасты. Студенттер, зейнеткерлер, жұмысшылар көшеге шығып, ұзақ жыл билікте отырған президент Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп жатыр. Соңы не болмақ?
Минскіде Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруіне жүз мыңнан астам адам шықты. Полиция демонстранттарға резеңке оқ пен құлақ тұндыратын граната қолданған. Беларусьте билікке жаппай наразылықтың жалғасып жатқанына екі жарым айдан асты.
Тағы