Бірнеше айдан бері бес баланың анасы Әлия Садырбаева әкімдіктің бір адамадық кісілік пикет ұйымдастыру өтінішіне салған тыйымына қарсылық білдіріп жүр. Биліктегілер бұл пикет «қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді» деп ұйғарыпты.
Астана соты әлі өтпеген митинг үшін екі белсендіні "бейбіт жиын, шеру өткізу және ұйымдастыру" туралы заң талабын бұзды деп танып, әкімшілік қамауға алды. Тағы үш белсендіні полицияға шақыртқан.