Қытай астанасында ондаған адамнан COVID-19 табылған соң бірнеше кварталда шектеу шарасы енгізілді. Үндістанда бір тәулікте 11 мыңнан астам адамнан вирус анықталды. Иранда қайтыс болғандар саны қайта көбейді. Ал Еуроодақ елдері шекарасын аша бастады.
Қазақстанда бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус табылды. Дәл осы күні Алматыда көліктен түспей СOVID-19-ды анықтауға тест тапсыратын мобильді орталық алдында кезек көбейді. Ұзын сонар кептеліс пайда болды.
АҚШ-тағы Гарвард университетінің қоршаған орта әсері (Exposure Assesment Science) жөніндегі доценті доктор Джозеф Аллен коронавирус пандемиясы кезінде қалай саяхаттау керегін айтып берді.
Қазақстан журналистері COVID-19 жұқтырып, пандемия кезінде жұмыссыз қалған тәжікстандық әріптестеріне жәрдем жинады. Коронавирустың барын сәуірдің соңына дейін жоққа шығарып келген Тәжікстанда тілшілер "пневмонияға тұтас редакцияларымен шалдыққан".
Қазақстанда карантин шектеулері жеңілдетіліп жатқанда короновирус құрбандары күрт көбейді. Соңғы төрт тәулікте он адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрі ахуалға байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Тұрғындар «билік ақпаратты жасырады» дейді.
Қазақстан екі жарым ай карантинде шығынға батқан саланың бірі – туризм. Ел ішінде саяхат ұйымдастыратын компания жетекшісі туроператорлар жұмысы тоқырағанын айтады. Ал Шығыс Қазақстанда курорт аумағына демалысқа бару үшін коронавирус тестін тапсыру қажет.
Қазақстанда бір күнде 450 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталған тұста Алматы мен Нұр-Сұлтандағы блокпосттар ашылды. Мамандар шектеудің вирус аз кезде қойылып, сырқат көбейген тұста алынуына таң. Тұрғындар "қауіпті болса да үйде қамалып отыра алмайтынын" айтады.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар өсіп жатса да, билік біраз аймақта 1 маусымнан бастап блокпостарды алып, карантин шарттарын жеңілдетті. Елдегі кейбір облыстарда шектеулер қалай өзгереді?
Екі айдан астам уақыт карантинде отырған Теміртау қаласының тұрғындары көп адамды табысынан айырған оқшаулау шарасының салдары туралы әңгімелеп берді.
COVID-19 алты айда жаһанға түгел жайылып, 6 миллионнан астам адамға жұқса да, біздің бұл вирус жайлы білмейтініміз әлі де көп. Вирус кімге, қайда және қаншалық қатты әсер етіп жатыр?
Қазақстанның "миллионер қалалары" Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкенттегі Азаттық тілшілері коронавирустан көз жұмған адамдар туралы ресми дерек пен вирус жұқтырғандар зиратына жерленгендер саны арасында айырмашылық барын анықтады.
Тағы