Пандемия кезінде қазақстандықтар қай елге бара алады?
Әзиз Юсупов – Алматы облысы Заречный ауылындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 37 жастағы тұтқын. Ол топтасып қарақшылық жасағаны үшін алты жылға сотталған. Жақында Юсупов арнайы прокурорға денсаулық жағдайын айтып, қажет медициналық көмекке қол жеткізе алмай отырғаны жайлы шағым жазған.
Адвокаттар мен құқық қорғаушылар Қазақстанның сот жүйесі онлайн режимде істеуге дайын емесін көрсетті деп санайды. Сот процесін жүргізу тәртібінің сақталмауы, техникалық ақаулар істің әділ қаралуына кедергі келтіріп, көбіне айыпталушының құқығы бұзылатынын айтады.
Пандемия кезінде қайтыс болған марқұмдардың базасы.
Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кеткен қазақстандық Герман Ким 57 жасында сол елде қайтыс болды. Кореяның Инчхон қаласына нәпақа табуға барған ұлы Денис Ким әкесінің сүйегін елге әкелуге ақшасы жетпей қиналып отырғанын айтады.
Коронавирус пандемиясына байланысты карантин ережелері босаңсыған тамыз айынан бері Қазақстан бірқатар елмен әуе қатынасын қайта ашты. Шетелге шығып жатқандар да, басқа елдерден келіп жатқандар да бар. Барыс-келістің қазіргі бүгінгі тәртібі қандай?
Түркіменстан билігі елде коронавирус жоқ деп мәлімдеп отыр. Алайда жұрт арасында Covid-19 белгісімен ауруханаға түскендер тірі қайтпайды және олардың ажалы вирустан емес, басқадан деген қауесет тараған.
Қырғызстанға биыл жазда коронавирус індетімен күресуге жәрдемдесу үшін Ресейден ұлты қырғыз ондаған дәрігер барған. Енді олар Ресейдегі шектеуге байланысты кері қайта алмай отыр.
Қазақстанда мыңдаған дәрігердің вирус жұқтыруы нені білдіреді? Елдегі коронавирус статистикасы қалай "бұрмаланды"? Мемлекеттік органдар індетпен тиімді күресе алды ма?Азаттық осы және өзге де сұрақтарды алматылық дәрігер, белсенді Қайырғали Көнеевке қойды.
Қазақстанның коронавирус жайлы статистикасына күмәндануға қандай негіз бар? Мемлекеттік органдардың індет күшейген тұста "жұмыс істей алмайтыны" неден аңғарылды? "Екінші толқын" қарсаңында қайтпек керек? Азаттық осы және өзге де сұрақтарды дәрігер, белсенді Қайырғали Көнеевке қойды.
Сарапшылар елдегі шағын және орта бизнестің 30 пайызы қайта аяққа тұрмай, біржола жабылуы мүмкін деп есептейді. Олар Қазақстандағы бизнес пандемияға дейін де дағдарыс жағдайында болғанын айтады.
Тағы