Covid пандемиясы салдарынан Ресейде жүрген өзбек мигранттары үйлеріне қайта алмай отыр. Еліне жету үшін олар Қазақстан территориясы арқылы өтуі керек, бірақ шекара жабық. Олар Ресейдің Батыс Қазақстан облысымен шекаралас Самара облысының территориясында палатка тігіп, карантиннің аяқталуын сол жерде күтуге бекінді.