Қазақстанға пандемия келген 2020 жылы жалпы қылмыс көрсеткіші азайғандай болғанымен, тұрмыстағы әлімжеттік пен аса ауыр қылмыс түрі көбейген. Мамандар мұны елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен байланыстырып, "жұрт тұрақсыздықтан қорқады, үрей артқан сайын, агрессия да күшейеді" деп түсіндіреді.