Тәжікстан билігі елде Covid-19 вирусын жұқтырып, ауырғандар қалмағанын мәлімдеді. Бірақ тәуелсіз сарапшылар бұған күмән келтіреді. Орталық Азиядағы авторитар режимдер коронавирус туралы шынайы деректі жасырады деп санайтындар бар.
Семейде жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жұмыс жағдайына және коронавирусқа қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне үстемақы төленбегеніне шағынады. Олар осы мәселені көтергені үшін қысым көріп жатқанын айтады.
Covid пандемиясы көп адамға қайғы-қасырет, дерт пен шығын әкелді. Бірақ індет кезінде оң өзгерістер де болды: экологиялық ахуал мен жол қауіпсіздігі жақсарып, жұрттың көбі жеке өмірі мен жұмысын үйлестіруді үйренді. Пандемиядан кейін осы өзгерістер ұмыт болмай ма?
21 желтоқсанда Еуропаның бірнеше елі коронавирустың жаңа штамы табылған Ұлыбританиямен әуе қатынасын уақытша үзетінін жариялады. Ресей де 22 желтоқсаннан бастап әуе қатынасын тоқтатпақ. Ұлыбритания мен Еуропаны не күтіп тұр, вирустың өзгерген түрі мен індеттің өршуі несімен қауіпті?
Қазақстанда өткен 11 айда 18 жасқа толмаған 4835 балаға Covid-19 жұққан. Бірақ балада ауру көбіне айқын белгісіз, жеңіл өтетіндіктен ата-ана емханаға бармайды. Қазір коронавирустан соң пайда болатын Кавасаки синдромы, індеттің екінші толқыны алаңдаушылық туғызып отыр. Азаттық мамандармен сөйлесті.
Қазақстан билігі жұрттың "кредитке тәуелдігін азайтуды" көздеп, қаржы нарығын реттейтін жаңа заң қабылдағанымен, жыл басынан бері несие алатындар да, оны кешіктіріп төлейтіндер де көбейді. Кейінгі жылдардағы жаппай кредит алу құбылысын індеттен соң күшейген экономикалық дағдарыс ушықтырып жіберді.
ПТР тест қорытындысының қате болып шығуының сыры неде? Мамандар мұның себебін Қазақстанда диагностикалық әлеует төмен, адам факторы да бар және сынама салынған құтыға сырттан вирус жұғуы да мүмкін деп түсіндіреді.
Ресейдің солтүстігінде қайта өршіген Covid-19 індеті жұртқа көктемдегі алғашқы толқыннан да ауыр тиді. Тұрғындар жедел жәрдем қызметін ұзақ күтіп, компьютерлік томографияға түсу үшін сағаттап кезекте тұратынын, ауруханада науқастар дәлізде жатқанын, ал биліктің шынайы жағдайды жасыратынын айтады.
Тағы