Қытай әлем бойынша науқан жүргізіп, шетелде жүрген ұйғырларды қайтарып жатыр. Әсіресе, Пекин экономикалық ықпалын жүргізіп отырған Пәкістан біршама ұйғырды Қытайға қайтарды. Енді Пекин дәл осы тәсілді Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы ұйғырларға қарсы қолданғысы келеді.
Украина ресми тұлғалары мен парламент мүшелері Пекиннің Киевті Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және өзге де мұсылмандар құқығының бұзылуын тексеруді қолдаудан бас тартуға қысым жасап көндіргенін айтады.
Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Қытай саясатын мақтағаны үшін қатты сынға қалды, бірақ Пекин мен Исламабадтың әріптестігі тек нығайып жатыр.
25 жыл ішінде 28 елден 1,5 мыңдай мұсылман Қытайға мәжбүрлеп жөнелтілген. Шыңжаңнан қашқан оларды Пекинге ұстап бергендердің көбі - мұсылман елдері. Ғалымдар жаңа зерттеуінде мұсылман елдерін Қытайды адам құқықтарын бұзды деп сынамақ түгіл, онымен ауыз жаласып отыр деп айыптайды.
Reuters агенттігінің екі тілшісі Қытайдың Шыңжаң өлкесінде екі апта болып, ондағы тұрмыс-тіршілікті бақылап қайтты. Олар мұсылмандар қамалған лагерьге жақын жерлерде туристік нысандар ашылып жатыр, ал басқан ізіңді сақшылар аңдып жүреді дейді.
Қытайдың Global Times басылымының мақаласына фактчек
Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Қытайдың Шыңжаң аймағындағы мұсылмандарды "жүйелі түрде, мемлекеттің ұйымдастыруымен жаппай қамау, ұрып-соғу және қудалау" әрекеттері адамзатқа қарсы қылмыспен пара-пар деп мәлімдеді.
Қытайдың бала тууды бақылау саясаты 20 жылда Шыңжаңдағы ұйғыр және басқа да аз ұлттардың санын 2,6 млн мен 4,5 млн арасында азайтуды көздейді. Бұл туралы германиялық зерттеуші Адриан Зенцтың жаңа зерттеуінде айтылған.
1 маусым балаларды қорғау күні Қытай консулдығы алдындағы наразылық бұрынғыдан өзгеше өтті. Бұл жолы Шыңжаңда қуғын көрді деген туысына бостандық сұрап жүрген 20 шақты адам бала-шағасын ерте келген. Акцияны полиция бақылап тұрды, әкімдік ескерту жасады.
Кейінгі жылдары Қазақстанға Қытайдан көшіп келетін қазақтардың саны азайып кеткен. Сарапшылар мұны Пекиннің Шыңжаңдағы мұсылмандарға көрсетіп жатқан қысымымен және Қазақстандағы заңның өзгеруімен байланыстырады.
Тағы