«Полицияға қарсылық көрсетті» деген айыппен Ақтауда он күнге қамалған «Халық майданы» қозғалысының мүшесі Жанболат Мамай тамыздың 26-сы күні қамаудан босады. Ол жазаны өзінің саяси қызметімен байланыстырады.
«Казтрансгаз» мұнай компаниясының кеңсесі алдында «Рух пен тіл» пікірталас клубының жетекшісі Жанболат Мамай Батыс Қазақстанда ереуілдеп жатқан мұнайшылардың талаптары орынды екенін айтып, биліктен мәселені шешуді талап етті. Белсенді әкелген плакаттарды полиция қызметкерлері тартып алды.
Қазақ жастары Назарбаевтан кейінгі Қазақстанды қалай елестетеді және өз елінің болашағын құруда жастар қандай рөл атқаруы керек? Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстеліне қатысушылар осы тақырып төңірегінде ой бөлісті.
"Рух пен тіл" клубының жетекшісі Жанболат Мамайдың сотқа байланысты сөзі. Алматы, 13 қаңтар 2010 жыл.
«Рух пен тіл» жастар клубының жетекшісі журналист Жанболат Мамай наразылық акциясы болатын күні жол көлік оқиғасына тап болғанын айтады. Алматы, 11 қаңтар 2011 жыл.
Алматы жоғары оқу орындарының студенттері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ашық хат жолдап, әлеуметтік жағдайларының әлсіздігін алға тартты.