Алматыда құрылысшылар жалақысын даулады. «Жарты жылдан аса еңбек ақымызды ала алмай жүрміз» деген наразылар соңғы айларда жұмысқа шықпай қойғандарын айтады. Ал мемлекеттік тапсырыспен көпір салатын мердігер мекеме басшылығы жұмысшылардың "жалақы алмадық" деген сөздерін жоққа шығарады.
6 шілде Алматыда полиция жүзден астам адамды ұстады.
Маусымның 30-ы күні таңертең Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының артында шамамен 900-ге жуық адам қатысқан митинг өтті. Онда елдегі саяси жүйені өзгерту, жаңа Конституция қабылдау, саяси тұтқындарды босату, Арыс оқиғасы және тағы басқа мәселелер айтылды.
Әскери қоймадағы жарылыс кесірінен Арыс қаласынан кетуге мәжбүр болған тұрғындар үйіне қайтып жатыр. Бірнеше күннен бері Шымкентті паналаған олар 28 маусымда таңғы сағат алтыдан бастап әкімдік ұсынған көліктерге мініп Арысқа аттанды.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың «3300-ден астам термин қайта қаралып бекітілді. Оның 300-ге жуығы халықаралық терминдер. Азатжол - абзац, пайыз – процент, сынып – класс, әнұран – гимн мейрамхана - ресторан болып қайта өзгерді» деген сөзі түрлі пікір тудырды.
Үш жыл бұрын қызметтік көлікті тастап, велосипедке көшетінін айтқан Алматы әкімі сөзінде тұрды ма? "Жаз келсе, жұмысқа велосипедпен барамын" деген Шымкент әкімі неге айтқанын орындамады?
Сайлау нәтижесін жарамсыз деп тануды талап еткендерді ұстады
Сайлау нәтижесіне қарсылық білдіргендерді полиция ұстады
Тағы