Бұған дейін Қазақстанда саяси партиялар мен ұйымдардан бөлек, қарапайым азаматтар да өзін өзі ұсынып, президент сайлауына қатыса алатын. Бірақ Сайлау туралы заңға жаңа өзгерістер енуі мүмкін. Онда президент үміткерлеріне қойылатын талаптар онан сайын күшейтіліп, азаматтар өзін өзі ұсынуы алынып тасталған. Егер жаңа заң жобасы мақұлданса, онда Қазақстан пост советтік елдердегі өзін өзі ұсынуға тыйым салған Өзбекстан, Тәжікстаннан кейінгі үшінші ел болады.