АҚШ азаматтары 2016 жылдың 8 қарашасында 45-президенттерін сайлайды. Америкалықтар әр штаттың халқының санына байланысты құрылған сайлаушылар алқасы арқылы дауыс береді. Үміткер президент болу үшін сайлаушылар алқасындағы 538 дауыстың кемінде 270-ін алуы керек. Демократиялық партиядан - Хиллари Клинтон, республикашылдар партиясынан Дональд Трамп үміткер.